Lalu
Қалай жұмыс істейді Мүмкіндіктері Калькуляторлар Босану күні Овуляция Апта → ай ХГЧ Серіктес режимі Мақалалар Жиі қойылатын сұрақтар
Жүктілік кезіндегі "дене тілі"

Жүктілік кезінде көздің құрғауы

Бұл мақаладан жүктілік кезінде көздің құрғауының (құрғақ көз синдромының) себептері, белгілері, емдеу және алдын алу жолдары туралы біле аласыз.

Құрғақ көз синдромы — көздің ылғал жетіспеушілігінен туындайтын құрғау жағдайы, ол әйелдерде көбінесе гормоналды өзгерістер кезінде, мысалы, жүктілік немесе емізу кезінде көрініс береді. Жүктілік кезінде құрғақ көз синдромы, әдетте, бірінші триместрдің соңында күшті гормоналды өзгерістерге байланысты «өршиді».

Жүктілік кезеңінде байқалатын гормоналды өзгерістер көздің құрғауына себеп болуы мүмкін.
Әдетте жүктілік кезінде көздің құрғауы жайсыздық тудырғанымен, қауіпсіз болып табылады. Босанғаннан кейін бірнеше апта өткен соң, гормондар деңгейі қалпына келгенде бұл жағдай көбінесе басылады.

Жүктілік кезінде көздің құрғау белгілері

Жүктілік кезінде көздің құрғауы түрлі белгілермен көрініс табуы мүмкін, соның ішінде бұл белгілер екі көзде де қатар пайда болуы ықтимал. Бұл белгілерге мыналар жатады:

Пайдалы: Жүктілік кезінде іште болатын өзгерістер

Жүктілік кезінде көздің құрғау себептері?

Құрғақ көз синдромы — кез келген адамда пайда болуы мүмкін кең таралған дерт. Бұл әдетте көзді ылғал әрі жайлы ұстау үшін көз жасы жеткілікті бөлінбеген кезде орын алады.
Көз жасы жай ғана су емес. Ол су, шырыш және майлардан тұрады. Бұл нәзік қоспа көзді ылғалды әрі таза сақтауға көмектеседі. Жүктілік кезінде бұл жағдай әдетте гормондар деңгейінің өзгеруі салдарынан дамиды.

Гормоналды өзгерістер дені сау жүктілік үшін маңызды, бірақ олар көздің құрғауы сияқты жанама әсерлерді тудыруы мүмкін. Егер жүкті болсаңыз және кенеттен көзіңіздің құрғағанын байқасаңыз, бұл қалыпты жағдай, өйткені жүктілік гормондары ағзаңызда көз жасының аз бөлінуіне себеп болады.

Жүктілік кезінде көздің құрғауына себеп болатын басқа да қауіп факторлары:

Маңызды: Жүктілік кезіндегі ентігу

Жүктілік кезінде құрғақ көзге арналған қауіпсіз құралдар

Келесі әдістер жүктілік кезінде көздің құрғауының алдын алуға көмектеседі:

Пайдалы: Жүктілік кезінде тәбеттің жоғалуы және оны жеңілдету жолдары

Емдеу

Жүктілік кезінде көздегі кейбір өзгерістер көздің құрғауынан гөрі күрделірек болуы мүмкін. Жүктілік кезінде көздің құрғауын жою бірқатар профилактикалық шаралармен қатар, офтальмолог жүргізетін медициналық процедуралар арқылы жүзеге асырылады.

Көздегі кейбір белгілер преэклампсия сияқты қауіпті жағдайдың бар екенін көрсетуі мүмкін. Көзіңізде мынадай белгілер пайда болса, күтпестен, дереу дәрігеріңізге, перзентханаға немесе жедел жәрдемге хабарласыңыз (әсіресе олар бас ауруымен немесе кенеттен пайда болған ісінумен қатар жүрсе):

Егер сізде келесі денсаулық мәселелерінің бірі болса, жүктілік кезінде көзде елеулі өзгерістер пайда болу қаупі бар:

Сол себепті, жүктілік кезінде көздің құрғауы мазаласа, міндетті түрде офтальмолог қарауынан өтіңіз. Ал егер көру кенеттен бұлдырап кетсе, көз алдында жарқыл немесе қара дақтар пайда болса, офтальмологқа қаралуды күтпеңіз – дереу акушер-гинекологыңызға, перзентханаға немесе жедел жәрдемге хабарласыңыз, себебі бұл преэклампсияның белгісі болуы мүмкін.

Бұл мақала www.aoa.org және www.healthline.com басылымдарының мәліметтері негізінде «Lalu» командасы тарапынан дайындалды.

Фертильді терезеңізді қазір табыңыз

Соңғы етеккіріңіз бен цикл ұзақтығын енгізіңіз — тегін калькулятор сіздің алты күніңізді көрсетеді.

Бөлісу

Lalu медициналық сарапшысы

Цикл, жүктілік және сәби контентімізді жазатын әрі тексеретін Lalu клиникалық тобының мүшесі.

Оқуды жалғастырыңыз

Барлық мақалалар
Жүктілік кезіндегі "дене тілі"

Жүктілік кезіндегі ентігу

Бұл мақалада жүктілік кезіндегі ентігудің пайда болу себептері мен оны жеңілдету жолдарына тоқталамыз.

Жүктілік кезіндегі "дене тілі"

Жүктілік кезіндегі омыраудағы өзгерістер

Жүктілік кезінде омыраудағы өзгерістер әртүрлі болады, атап айтқанда омыраудың ісінуі, ауырсынуы, үлкеюі, сұйықтық бөлінуі, қызыл сызықтар...

Жүктілік кезіндегі "дене тілі"

Жүктілік кезіндегі спазм (сіңір тартылуы) жағдайлары

Сіңірдің тартылуы жүктілік кезінде байқалатын қалыпты белгілердің бірі болуы мүмкін. Егер әйел хабардар болса...