Lalu
Қалай жұмыс істейді Мүмкіндіктері Калькуляторлар Босану күні Овуляция Апта → ай ХГЧ Серіктес режимі Мақалалар Жиі қойылатын сұрақтар
Дені сау ана — дені сау бала

Жүкті әйелге пайдалы көкөністер

Жүкті әйелдерге пайдалы көкөністер, оларды қауіпсіз тұтыну жолдары және қауіпті көкөністер туралы мәлімет аласыз.

Жүкті әйелдерге тұтыну ұсынылмайтын тағамдардың тізімі бір қарағанда шексіз көрінеді. Соның ішінде ысталған ет, кейбір теңіз өнімдері және тіпті кофеині бар өнімдермен біраз уақытқа қоштасуға тура келеді. Сіз жейтін тағамдарыңыз балаңыздың дамуы мен өсуіне әсер етеді, сондықтан абайлап әрі талғап жеу ешқашан артық болмайды.

Жүктілік кезінде көкөністерді дұрыс тұтыну нәрестенің ана құрсағында жатқан кезінде де, дүниеге келгеннен кейін де дамуына септігін тигізетін маңызды дәрумендер мен минералдармен қамтамасыз етуі мүмкін. Бірақ кейбір көкөністер жүктілік кезінде қауіпті болуы да мүмкін.

Жүктілік кезіндегі ең пайдалы көкөністер, сондай-ақ қандай көкөністерді тұтынбау керектігі туралы осы мақаладан толық ақпарат ала аласыз.

Пайдалы мақала: Жүктілік кезінде не істеуге болмайды?

Жүктілік кезіндегі көкөністердің пайдасы

Жүктілік кезіндегі ең жақсы көкөністер ағзаны мол қоректік заттармен қамтамасыз ете алады. Дұрыс уақытта, жеткілікті мөлшерде тамақтану дұрыс тамақтанудың негізін құрайды. Салауатты тамақтану қоректік заттардың жетіспеушілігі мен жүктілік кезіндегі қант диабетінің алдын алуға көмектеседі.
Дұрыс тамақтанудың пайдасы:

Кейбір маңызды қоректік заттарға мыналар жатады:

Жүктілік кезінде және одан кейін көкөністерді тұтыну балаңыздың денсаулығы үшін аса маңызды.

Жүкті әйелдер үшін пайдалы көкөністер

Жүктілік кезінде тұтынуға ең пайдалы көкөністер мыналар:

Дәрігердің қарауына барған кезде өзіңіз бен болашақ сәбиіңізге пайдалы басқа да көкөністер туралы сұрап біле аласыз.

Көкөністер мен көк шөптер жақсылап жуылғаннан кейін оларды тұтыну қауіпсіз болып саналады.
Жүкті әйел бұған әрдайым аса мән беруі тиіс!

Жүктілік кезінде жеуге болмайтын көкөністер

Жүктілік кезінде тұтынуға болмайтын кейбір көкөніс түрлері де бар. Мұның барлығы нәрестеңізге зиянды бактериялардың жұғу қаупін арттыруы мүмкін:

Қанша көкөніс жеу керек?

Әдеттегіден көбірек аштық сезіну — қалыпты жағдай, өйткені сізде тамақтануға деген қажеттілік біршама жоғары. Жүктілік кезінде көбінесе аз-аздан және жиі тамақтану ұсынылады. Сізде ас қорытуға байланысты мәселелер болуы мүмкін. Аз-аздан және жиі тамақтану бұл мәселелердің туындау ықтималдығын азайтады.

Жүкті әйелге күніне 300 грамм (төрт порция) немесе одан да көп шикі немесе пісірілген көкөніс тұтыну ұсынылады.

Ас мәзіріне көкөністерді қалай қосу керек?

Көкөністерді дайындаудың сіз қолданып көруге болатын қызықты тәсілдері бар. Көкөністерді күнзе, райхан сияқты табиғи дәмдеуіштермен қуыру оларды одан әрі дәмді ете түседі. Жақсылап тазаланған көкөністерді турап, ұсақтап, пісіріп жеңіз.

Егер аса ұнатпайтын көкөністі жеуге тырысып жүрсеңіз, оны жеу үшін басқа көкөністермен бірге қосып пісіруіңізге болады.

Бұл мақаланы allaboutwomenmd.com және www.webmd.com мәліметтері негізінде «Lalu» командасы дайындады.

Фертильді терезеңізді қазір табыңыз

Соңғы етеккіріңіз бен цикл ұзақтығын енгізіңіз — тегін калькулятор сіздің алты күніңізді көрсетеді.

Бөлісу

Lalu медициналық сарапшысы

Цикл, жүктілік және сәби контентімізді жазатын әрі тексеретін Lalu клиникалық тобының мүшесі.

Оқуды жалғастырыңыз

Барлық мақалалар
Дені сау ана — дені сау бала

Маститтің себептері және емдеу жолдары

Мастит — бір немесе екі емшектің сүт безі тіндерінде инфекцияның дамуымен сипатталатын ауру. Бұл әдетте бала емізетін әйелдерде кездеседі.

Дені сау ана — дені сау бала

Босанғаннан кейінгі қауіпті жағдайды білдіретін белгілер

Босанғаннан кейін денеңіз көптеген өзгерісті бастан өткереді және қалпына келу үшін уақыт қажет. Босанғаннан кейінгі бірінші аптада ауырсыну және қатты шаршау сияқты кейбір жайсыздықтарды сезіну – қалыпты жағдай. Алайда кейбір әйелдерде босанғаннан кейін өмірге қауіп төндіретін денсаулыққа қатысты күрделі асқынулар болуы мүмкін. Егер өз жағдайыңызға алаңдасаңыз немесе ауырсыну, жайсыздық сезінсеңіз, дәрігеріңізбен хабарласыңыз.

Ата-ана болуға қадам

Етеккір неше күнге кешігуі мүмкін? (Етеккірдің кешігу себептері)

Жалпы алғанда, әйелдер мен қыздарда репродуктивті ауруларсыз етеккірдің кешігуі 5-7 күнге дейін созылуы мүмкін. Дегенмен, етеккір циклінің бұзылуы...