Жүктілік кезінде ана болу туралы уайымдағаныңызда, жақындарыңыз сізге: "Не істеу керектігін балалы болғанда білесің" деп айтқан болуы мүмкін. Эволюциялық тұрғыдан аналық инстинкт түсінігі баршаға белгілі. Қызығы сол, ана болғаннан кейін сіз балаңызға қалай қамқорлық жасау керектігін автоматты түрде сезінесіз.
Бірақ бала дүниеге әкелгеніңізде, сізге нәрестені қалай тәрбиелеу, қалай тамақтандыру және қалай ұйықтату сияқты мәліметтерді қамтитын "арнайы нұсқаулық" берілмейді.
Шын мәнінде, аналық инстинкт — бұл жай ғана аңыз және бұл инстинктке сүйену онша дұрыс емес. Егер ана бола салысымен баланы қалай тәрбиелеу керектігін бірден түсінбеген болсаңыз, уайымдамаңыз!
Аналық инстинкт деген не?
Аналық инстинктке нақты анықтама жоқ. Кейбіреулер үшін бұл ана болуға деген ұмтылысты білдірсе, басқалары оны бала тәрбиесінде ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін көрсететін моральдық немесе эмоционалдық нұсқау деп түсінеді. Ал кейбіреулер үшін аналық инстинкт — баланы зиянды нәрселерден қорғау. Алайда ешбір ғылыми зерттеу аналық инстинкттің не екенін нақты дәлелдеген емес.
Қызықты: Жүктілік кезіндегі қалаулар нені білдіреді?
Аналық инстинкт бар ма?
Жүктілік кезінде және одан кейін дене мен мида түрлі өзгерістердің болуы – табиғи жағдай. Босанғаннан кейінгі окситоцин ("бақыт гормоны") ана мен оның жаңа туған нәрестесі арасындағы байланысқа оң әсерін тигізеді. Баланы емізу анадағы окситоцин деңгейін арттырады, ал бұл балаға деген сүйіспеншілік пен бауыр басу сезімін одан әрі күшейтеді.
Басқа зерттеулер жүктілік әйелдер миының құрылымын айтарлықтай өзгертетінін көрсетеді. 2016 жылғы зерттеуге сәйкес, жүктілік кезінде мидағы сұр заттың өзгеру деңгейі ананың өз баласына қаншалықты жақын болатынын білдіреді. Бірақ бұл жүкті әйел баласын дүниеге әкелгеннен кейін аналық инстинкт арқылы бәрін толық үйреніп алады дегенді білдірмейді.
Аналық инстинкт байқалмаса ше?
Балаңыз туғаннан кейін аналық инстинкттің «шамы» кенеттен жанбаса, алаңдаудың қажеті жоқ. Аналық инстинктке немесе осы түсінікке сүйенгеннен гөрі, басқалардан, соның ішінде «Lalu» мамандарынан көмек пен кеңес алған жөн.
Ең қажетті ұсыныстар төмендегідей:
- Балаңыздың денсаулығына байланысты қатты алаңдаушылық туындаса, педиатрға қоңырау шалыңыз;
- Емізуге қатысты қиындықтарға тап болсаңыз, лактация жөніндегі кеңесшіге жүгініңіз;
- Егер көңіл-күйіңіз түсіп, күйзелсеңіз, перинаталдық психикалық денсаулық жөніндегі психотерапевтке жүгініңіз;
- Ана болудың қаншалықты қиын екенін түсінетін, әйелдерді қолдайтын қауымдастықтардан көмек алыңыз.
- «Lalu» мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз және үнемі қадағалап отырыңыз. Жоба жас аналарға бала күтімі бойынша білім мен дағды беруді өз алдына мақсат етіп қойған.
Кейде балаңызға бауыр баса алмау немесе оған деген мейір сезінбеу босанғаннан кейінгі депрессияның белгісі болуы мүмкін. Егер сіз өзіңізді кінәлі, немқұрайлы немесе бейжай сезінсеңіз, сізде босанғаннан кейінгі психикалық денсаулықтың бұзылуы байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда денсаулық сақтау мамандарына мүмкіндігінше тезірек жүгініңіз.
Аналық инстинктке сүйенудің теріс жақтары
Аналық инстинкт бала тәрбиесінде көмектесетіндей көрінгенімен, бұл нұсқауға шамадан тыс сүйену шын мәнінде жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Мысалы, ана болудың не екенін әлі толық түсінбей жатып, өзіне тым сенім арту қате (бала үшін қауіпті) шешім қабылдауға себеп болуы мүмкін.
Сол себепті «Lalu» командасы дайындаған сенімді әрі пайдалы ақпаратты үнемі пайдаланып жүріңіз, қажет болған жағдайда «Lalu» командасының мамандарына хабарласыңыз.